• КІРУ X
ЛОГИН:
ПАРОЛЬ:
Кіру Пароліңізді ұмытсаңыз

ТІРКЕЛУ
Latınşa   |   Графикасыз   |   Сайт картасы     
     
 
КАЗ   РУС   ENG
Осыдан басталуы шарт
Таңдамалыға қосу
Форум Чат Қонақ (он-лайн мәслихат) Жазылу Кері байланыс
    Табу  
Кіру   |   Сайт туралы   |   Кеңейтілген іздеу
         
МЕМЛЕКЕТ
27.07.2010 20:57
Жартыжылдық қорытынды

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша еліміздегі ішкі жалпы өнімнің өсімі 8 пайызға жетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлімдеді. Жартыжылдық есепке арналған жиында тағы бірқатар жетекші министрлік басшыларының баяндамалары тыңдалып, алғашқы тоқсанның жетістіктері сараланды. Жанар Айтжанованың айтуынша, ел экономикасының қалыпқа келуіне Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы және дағдарыстан кейінгі даму базасын құруға бағытталған шаралар айтарлықтай ықпал еткен. Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өсті. Ал өңдеу өнеркәсібі 18,3 пайызға артты. Бұған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының да өзіндік септігі тиген. Жыл басынан бері тұтыну тауарларына деген сұраныс артып, бөлшек сауда көлемі 13,1 пайызға, ал экспорт 74 пайызға өскендігін көрсетіп отыр.

Жанар Айтжанова, ҚР Экономикалық даму және сауда министрі:
- 2020 жылға дейінгі «Бизнестің жол картасын» жүзеге асыру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу міндет. Бұл кәсіпкерлікті дамытуды қолдауды қамтамасыз етеді. Кеден одағы шеңберінде туындайтын жаңа мүмкіндіктерді барынша пайдалану үшін және еліміздегі инвестициялық климатты жақсарту үшін әкімшілік кедергілерді азайту және рұқсат беру процедураларын оңайлату жұмысы әрі қарай тереңдетілуі өте маңызды болып табылады.

Жартыжылдықтағы инфляция деңгейі 4,4 пайызды құрады. Үкімет басшысы жыл соңына дейін оның деңгейі 6,8 пайыз көлемінде сақталатынын жеткізді. Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, министрліктің құрамына енді бюджеттік жоспарлау мәселесі де еніп отыр. Фискалдық саясат шеңберінде мемлекеттік шығыстардың деңгейі қолдау тапты. Ол бойынша жиынтық сұраныс деңгейі мен экономиканың өсуін қалыпқа келтіру үшін қажетті инвестициялық белсенділік деңгейі қамтамасыз етілді.

Болат Жәмішев, ҚР Қаржы министрі:
– Кірістер өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 19,6 пайызға ұлғайды және 2,034,7 млрд. теңге соманы құрады. Салық түсімдері 1181,4 млрд. теңге немесе 106,7 пайыз жиналды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 223,7 млрд. теңгеге ұлғайды.

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары алғашқы тоқсанда шамамен 5,5 трлн. теңгенің өнімін өндірді. Ең бастысы, биылғы жылға жоспарланған 144 жобаның жалпы сомасы 396,0 млрд. теңгені құрайтын 72 инвестициялық жобасы іске қосылды. 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Альберт Рау, ҚР ИЖТМ вице-министрі:
- Екінші жартыжылдықта құны 459 млрд. теңге болатын тағы 72 нысанды аяқтау керек. Екінші жартыжылдықта іске қосылатын жобаларға қатысты есептерге сәйкес игерілген инвестицияның көлемі 307 млрд. теңгені немесе 67% құрайды. Нысандар дайындығының ең үлкен көрсеткішін Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетіп отыр.

Бірінші жартыжылдықтағы ауылшаруашылығының өсімі 3,1 құрап отыр. Бұған мал шаруашылығындағы өсімнің әсері бар. Мәселен, малдың барлық түрлерінің саны 2-ден 4 пайызға, құс 8 пайызға дейін артты. Қайта өңдеу саласы 14,6 пайызға өсіп отыр. Ал егін науқанының бекітілген мерзімде жүргізіліп жатқанын айтқан министр алдағы міндеттерге тоқталды.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ауылшаруашылығы министрі:
- Біріншісі егін жинау науқанына уақытылы дайындалу және ұйымдастыру. Дизельді отын мәселесіне тоқталсақ, олар толықтай шешілген деп айтуға болады. Екіншісі, бұл әсіресе, құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарда азық-түлік сақтандыру қорларын құру болып табылады. Осы мақсатпен өткен жылдың тәжірибесін пайдалана отырып, астығы мол аймақтармен астық жүргізу туралы меморандумдар жасау қажет.

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, жарты жылдың қорытындыларына сәйкес осы кезеңге жоспарланған бюджетте әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке арналған бюджеттік қаражат 100 пайыз дерлік орындалды. Ал «Жол картасының» аясында елдегі жұмыссыздық көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 0,9 пайызға қысқарып, 5,8 пайызды құрады. Яғни, биылға жоспарланған 129 мың жұмыс орнының 94 пайызы орындалды.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– 1-шілдедегі жағдай бойынша биылғы жылға көзделген 7,9 млрд. теңгенің 3,9 млрд. теңгесі немесе жылдық соманың 49 пайызы игерілді. Өңірлерде үнемделген қаражатты ауылды жерлерде іске асырылатын жобаларға беру жұмыстары жүргізілді, оның нәтижесінде ауылдарда 37 жаңа жоба іске асырыла бастады. Биыл ауылды жерлердегі барлық инвестициялық бағыттар бойынша 1511 жоба жүргізіліп жатыр.

Жалпы, жартыжылдықтағы негізгі көрсеткіштерге Үкімет басшысы оң бағасын берді. Және бұған тоқмейілсіп қалмау қажеттігін қаперге салды.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:
- Енді алдымызда бірнеше маңызды мәселелерді шешу міндеті тұр. Олар – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу, келесі жылдың басында Азиаданы өткізу, жыл аяғында ауылшаруашылығымен байланысты индустриалды-инновациялық бағдарламаның екінші бөлігін ұсыну, «Жол картасы» мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын дамыту және білім беру, денсаулық сақтау, еңбекпен қамту салаларындағы мәселелерді шешу болып табылмақ.

Премьер ведомство басшаларына тамыз айының ортасына қарай 2010 жылдың нақтыланған бюджетіне қатысты жоба дайындау қажеттігін тапсырды. Сол аралыққа дейін әр министрлік кем-кетіктерін түзеп, қажет дүниелерін тағы бір қарап шығулары қажет.

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
   
  Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб  
      1 2 3 4 5  
  6 7 8 9 10 11 12  
  13 14 15 16 17 18 19  
  20 21 22 23 24 25 26  
  27 28 29 30        
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР
ВИДЕО
МАТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
Нашар
Орташа
Жақсырақ болуы мүмкін
Жақсы
Өте жақсы
САЙТ ТУРАЛЫ | ФОРУМ | ЧАТ | ЖАЗЫЛУ | КЕРІ БАЙЛАНЫС