• КІРУ X
ЛОГИН:
ПАРОЛЬ:
Кіру Пароліңізді ұмытсаңыз

ТІРКЕЛУ
Latınşa   |   Графикасыз   |   Сайт картасы     
     
 
КАЗ   РУС   ENG
Осыдан басталуы шарт
Таңдамалыға қосу
Форум Чат Қонақ (он-лайн мәслихат) Жазылу Кері байланыс
    Табу  
Кіру   |   Сайт туралы   |   Кеңейтілген іздеу
         
ҚОҒАМ
28.07.2010 13:35
Өрт сөндірушілер ерлік жасады

Екібастұз қаласының өртке қарсы бөлімінің басшылары еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі министріне өздерінің үш қызметкерін наградаға ұсыну туралы хат дайындап отыр. Жас өрт сөндірушілер, өз өмірлерін тәуекелге тігіп көп қабатты үйдің ондаған адамын құтқарып қалды. Құтқару барысында олардың өздері өртке оранып, тіпті 25-жастағы Ермек Әлихан ауыр жарақат алған. Қазіргі таңда дәрігерлер, оның тезірек сауығып кетуі үшін барлық көмекті көрсетуде. Өрт Екібастұз қаласының орталығындағы мына тоғыз қабатты үйдің 4-бөлмелі пәтерінде болған. Ол, қиындығы жағынан жоғары категориялы деген атау алды. Көпқабатты үйдің кіре берісі бүгін таза тұрғанымен, өрт болған кезде бұл жерді көк түтін басқан. Тұрғындар арасында дүрбелең көтермей, оларды жылдамырақ қауіпсіз аймаққа шығарған өрт сөндірушілер, абайсызда ғимаратта біреу қалып кетпеді ме деп, тілсіз жаудың құшағына қайта кіреді. Күтпеген жерден өрт лап беріп, олардың жолына бөгет жасайды. Күйік шалғандар бар, әсіресе кіші сержант Ермек Әлихановтың денесінің 30 пайызы күйіп қалған. Есінен танып қалған ол, дереу ауруханаға жеткізілді.

Ермек Әлиханов, өрт сөндіруші:
- Ең бастысы кісілердің аман қалғаны. Біз ол жарайды, қазір кішкене ем алып, жақсы боламыз. Қазір жігіттерге рахмет, көмек жасап жатыр. Осы больницаның дәрігерлеріне үлкен рахмет.

Ермек бірнеше күн ауыр халде жатты. Қазір жағдайы оңалып келе жатқанымен, күйік тереңге кеткендіктен болашақта оған аутодермопластика, яғни, терісін ауыстыруы қажет болар,-дейді №1 аурухананың күйік бөлім меңгерушісі Марат Қанжығалин. Ал, келін түсіріп, немере сүйер күнін күтіп жүрген Әубәкір аға өз балаларын адал және батыл болуға тәрбиелегенін айтады.

Әубәкір Әлиханов, Ермектің әкесі:
- Ол ойланбай түсінетін нәрсе, ерлік деген нәрсе. Ол ішкі дүниесінен. Значит, өзім ойлаймын, баламның дұрыс тәрбиесі екен деп есептеймін. Әр азаматтың борышы деп бәлендей айта алмаймын ғой. Қазақтарда отты, суды, тағы басқа жер сілкінісі, апат жағдайларды жау дейді. Оған бармаған адамдарды жазалайды.

Аман қалған үйдің тұрғандары да, жас жігіт үшін алаңдап отыр. Егер олар тәуекелге бел байламағанда өрт қайғылы аяқталуы әбден мүмкін еді,- дейді өрт сөндірушілерге амандық тілеген тұрғындар. Ал, бөлім басшылары болса, осы оқиғада ерлігімен көзге түскен үш өрт сөндірушіні наградаға ұсыну туралы министрге хат дайындап жатыр.

Оңғарбек Мұстафин, Облыстық МӨС бастығы:
- Өздері бір үлкен міндетін атқарам деп, барлық жандарын салып, кісілерді сақтаймын деп. Өздері апатқа ұшырап қалды оттан. Бүгін айтайын дегенім, сол жігіттерге өз қызметін істеп жатып, балалар ғой біздің, ерекше өздерін адал жұмыс істеп, бір ерлігін жасап, өздерінің жанын, өмірін аямай, өмірін ойламай, кісілердің өмірін сақтап қалды. Жазғы уақыт, каникул, балалар үйде көп.

Ал, Ермек алдағы жылы шаңырақ көтеруді жоспарлаған. Оған дейін әбден оңаласың, - деп қалжындайды дәрігерлер

Бейнематериалдар
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
   
  Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб  
      1 2 3 4 5  
  6 7 8 9 10 11 12  
  13 14 15 16 17 18 19  
  20 21 22 23 24 25 26  
  27 28 29 30        
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР
ВИДЕО
МАТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
Нашар
Орташа
Жақсырақ болуы мүмкін
Жақсы
Өте жақсы
САЙТ ТУРАЛЫ | ФОРУМ | ЧАТ | ЖАЗЫЛУ | КЕРІ БАЙЛАНЫС