|
08.01.2009 12:10 Ақ Үйдегі бейресми кездесу
Ақ Үйде президенттердің бейресми кездесуі өтті. Олардың арасында қазіргі президент - кіші Джордж Буш, жаңадан сайланған Барак Обама, Джимми Картер, Билл Клинтон және аға Джордж Буш болды. Қазіргі президент Буш Барак Обамаға АҚШ-тың лайықты басшысы болуын тілейтінін айтты. Сондай-ақ ол кездесуге қатысып отырғандардың әрқайсысы өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенідігін де жеткізді. Обама өз кезегінде, бұрынғы президенттерге алғыс білдіре келе, «маған үлкен жауапкершілік артылып отырғанын білемін» деді. Негізі, бұған дейін экс-президенттер достық қарым-қатынаста болған емес. Мәселен, Картер бұрын кіші Джордж Бушты тарихтағы ең нашар президент деп атаған. Ал Билл Клинтон өз зайыбының сайлау алды науқаны кезінде Буш пен Обаманы сынға алған еді.
|