«Ас-арқау»
Азық-түлік туралы апталық тележурнал
Телеарна: «Хабар» ұлттық арнасы
Эфир уақыты: жексенбі - 14.40
хронометраж: 20 минут
бағдарлама форматы: телевизиялық журнал
шығарушы: «ВЕК» продюсерлік компаниясы
Бүгінде бүкіл әлем азық-түлік мәселесін қалай шешуге болады деген жаһандық мәселеге бас қатыруда. Еліміз ДСҰ-на мүше болуға дайындалуда, бұдан бөлек, алда дамыған 50 елдің қатарына ену міндеті тұр. Қос бірдей міндет отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігімен тығыз байланысты. Әлемдегі азық-түлік дағдарысы мен жаңа халықаралық мүмкіндіктерді ескере отырып, Қазақстан аграрлық ел ретінде азық мәселесін стратегиялық жоспарына арқау етіп алуы тиіс.
«Ас-арқау» бағдарламасы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне, тағам өндірісі мен оның сапасына, отандық тағам өнеркәсібі ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болуға қажетті талаптарға баса назар аударады.
Айдарлар
«Бағалы ұсыныс» - азық-түлік нарығындағы баға талдауы
«Азық мәселесі» - Қазақстандағы басты азық түрлерінің нарығы туралы сараптамалық хабарлар
«Сапа сыры» - тағам сапасына қатысты халықаралық стандарттарды енгізу мен азыққа қойлатын сапа сертификаттарын сақтау, осы мәселедегі үздік әлемдік тәжірибелер туралы ақпараттық айдар
«Балама» - еліміз үшін таңсық болып келген жаңа өнімдер өндірісі туралы бөлім
«Азық құрамы» - азықтың энергетикалық құндылығы мен дұрыс тамақтану туралы сюжеттер
Біздің техникалық мүмкіндіктеріміз
«ВЕК» студиясы DVC, HD, IMX, miniDV форматтарындағы телевизиялық құрал-жабдықтарымен (түсіру және монтаж) жұмыс істейді.
Шығармашылық топ
Шеф-редакторы - Тамара Аушахметова
Режиссер - Гүлнәр Бораш
Хабардың жүргізушісі - Гүлжазира Батырғалиева
Редакторы - Дәнеш Байболат
журналистер - Айдос Жұқанұлы, Мақпал Қожақанова
Бейнеинженер - Бақыт Қанатов
Операторлар - Виктор Степанов, Сергей Юдин,
Дыбыс режиссері - Әділ Доскемпіров
Режиссердің көмекшісі - Гүлнұр Әбдіхалықова
Продюсер - Ирина Барманқұлова
Біздің мекен-жайымыз
Алматы, Желтоқсан к, 111, 25 кеңсе
Телефон/факс: 8 (727) 261-41-27; 272-11-27
|