• КІРУ X
ЛОГИН:
ПАРОЛЬ:
Кіру Пароліңізді ұмытсаңыз

ТІРКЕЛУ
Latınşa   |   Графикасыз   |   Сайт картасы     
     
 
КАЗ   РУС   ENG
Осыдан басталуы шарт
Таңдамалыға қосу
Форум Чат Қонақ (он-лайн мәслихат) Жазылу Кері байланыс
    Табу  
Кіру   |   Сайт туралы   |   Кеңейтілген іздеу
       
САЙТ ТУРАЛЫ
 «Хабар» агенттігінің сайты 1999 жылы ашылды және бүгінгі таңда Интернеттің қазақстандық бөлігінің ең қарқынды дамып келе жатқан және көпшілікке танымал қоры болып табылады. Кең технологиялық мүмкіндіктері үшін сайт айтулы номинациялармен марапатталған, олардың ішінде: «Аниграф Телекино – Мәскеу», «Кител», «AWARD қазақстандық интернет премиясы» бар. 2003 жылы алғашқы қазақстандық Web-сайттардың «Award-2003 қазақстандық интернет премиясы» байқауының қорытындылары бойынша «Хабар» агенттігінің сайты «Дәстүрлі БАҚ-тардың ең үздік электронды нұсқасы» номинациясында үздік деп танылған. Бұл номинацияға дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының (газеттер, журналдар, телеканалдар мен радиостанциялар) онлайындық нұсқалары немесе дәстүрлі БАҚ-тардың Интернет үшін арнайы жасалған қорлары қатысады. Жеткен жетістіктерді берік сақтау үшін 2005 жылдың маусымында сайттың технологиялық мүмкіндіктерін жаңарту жұмыстары аяқталды. Ақпарат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылады.

Тілдік тармақтар

Сайт қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат ұсынған үш тілдік тармақтан тұрады. Тармақтар бойынша қозғалыс (навигация) тетікті басу арқылы жүзеге асырылады.

Оған қоса тілдік тармақты сайтқа кіру барысында титульді беттен таңдауға болады.

Интерактивті айдарлар

Сайттың интерактивті қорларына қол жеткізу үшін мына пиктограммалардың біреуін таңдау қажет:
- форум;
- чат;
- «қонақ»;
- жазылу;
- кері байланыс.

Форум пайдаланушыларға off-line жүйесінде бір-бірімен сұхбаттасу және белгілі бір мәселе төңірегінде пікір алмасу мүмкіндігін береді. Сізді толғандыратын сұраққа жауап алу үшін форумда өз сұрағыңызды қалдыруыңызға болады.
Чат пайдаланушыларға on-line жүйесінде әңгімелесуге мүмкіндік береді;
«Қонақ» – бұл айдарда сіздердің сұрақтарыңызға маман ретінде танымал адамдар – чат қонақтары жауап береді.
Жазылу – біздің сайттан жіберілетін жаңалықтар мен ақпараттық хабарламаларды алу мүмкіндігі.
Кері байланыс. Бұл айдарға Агенттік жайлы, сайт және агенттік ұйымдастыратын шаралар туралы сұрақтарыңызды жібере аласыздар.

Сайтта тіркелу

Интерактивті қорды пайдалану үшін «Кіру» тетігін басқаннан кейін пайда болатын қосымша парақта өзіңіздің бүркеме атыңызды және пороліңізді енгізіңіз. Егер де сайтта тіркелмеген болсаңыз онда сол парақта «Тіркелу» тетігін басыңыз. Арнайы тіркеу парағын толтырғаннан кейін сіз порталдың тіркелген пайдаланушысы боласыз. Келешекте толтырған тіркеу парағын өзгертіп отыруға болады (профайл).

Агенттік өнімдері

Агенттік сызықшасы

Ашылған меню порталдың барлық бөлімдеріне кіруге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар (Мемлекет, Саясат, Экономика, Оқиға, Әлемде, Спорт әлемінде), Арнайы репортаж және де баяндама мәтіндері.
Бағдарламалар (Сараптама, Публицистика, Ойын-сауық, Танымдық, Спорттық). Бағдарламалардың сипаты және келесі санының шығу мерзімі жайлы ақпаратты қамтиды.
Кино (Көркем және деректі фильмдер, сериалдар). Үстідегі маусымда көруге болатын фильмдер тізімі және шығу мерзімі жайлы ақпарат.
Радио – «Хит ФМ-Хабар» радиосы жайлы, радио бағдарламаларын тікелей эфирде тыңдау мүмкіндігі.
Агенттік туралы – Агенттіктің қызметі туралы, жаңалықтар, құрылымы және бөлімдері жайлы ақпарат, Агенттік ұйымдастыратын шаралар жайлы хабарламалар.

Деңгейлер. Навигация. Ақпарат іздеу

Сайттағы ақпарат үш деңгейде ұсынылған:
         I. Тармақтың титульді парағы. Блок түрінде берілген маңызды ақпараттар топтамасы – жаңалықтар, бағдарламалар, ақпараттық хабарламалар, фильмкөрсету баннерлері, сұрақ-жауап, ауа-райы, валюта бағамдары.
          II. Тақырыптық парақ. Бұл айдарда нақты бөлімнің анонстары берілген (мысалы, Саясат). Бірінші бөлімінде – сайттың басқа да бөлімдерінің анонстары орналасқан.
          III. Нақты ақпарат парағы. Сұралған нақты ақпарат (жаңалық) мәтіні орналасқан.

Навигация.
Сайттың екінші деңгейіне кіру үшін өзгермейтін менюдан (Агенттік сызықшасынан) керекті бапты таңдау қажет (мысалға, Жаңалықтар –> Мемлекет).
Кез-келген материалдың анонсын таңдағанда сайттың үшінші деңгейі ашылады.

Ақпарат іздеу.
Ақпаратты табу үшін іздеу парағына негізгі сөздерді енгізіңіз

Іздеу жолын талап ету. «Кеңейтілген іздеу» пунктін таңдау арқылы іздеудің қосымша мүмкіндіктерін пайдалануды талап етуге болады.
Материалдарды шыққан күні арқылы іздестіру үшін арнайы архивті «күнтізбе» ойластырылған – ол әрдайым жаңаланып тұратын кез-келген бөлімнің үшінші деңгейінде орналасқан. Одан басқа, III деңгейде мәжбүрлі іздеу жүйесі жұмыс істейді, ол қаралып жатқан мақала тақырыбы бойынша материалдарды сараптайды.

Материалдармен (мақалалармен) жұмыс.
Сіз материалға баға бере аласыз (сұрақ-жауап оң жақ тізбекте), оны пошталық адреске жібере аласыз, оның баспа түрін ала аласыз , форумда талқылап немесе  латиницада қарап шыға аласыз. Ол үшін қажетті тетіктерді таңдауыңыз керек.

БІЗДІҢ МАРАПАТТАР
САЙТ ТУРАЛЫ | ФОРУМ | ЧАТ | ЖАЗЫЛУ | КЕРІ БАЙЛАНЫС