Қаз Рус Eng
Іздеу
USD 147.94 EUR 188.09 RUR 4.77
Мұрағат
|
14.11.2011 11:40
Ақтөбелік Тәуелсіздік құрдастары ауылға барып еңбек етеді

Ақтөбедегі жоғарғы оқу орнында оқып жатқан ел тәуелсіздігінің құрдастары мамандық алған соң, ауылға барып еңбек етуге бел буған.

Солардың бірі Ботагөз Қараменова мемлекетіміздің одан әрі дамуына ауылды көркейту ісіне ат салысып, үлес қоспақ. Ботагөз Қараменова болашақта математика пәнінің мұғалімі болмақ. Қазір ол Қ.Жұбанов атындағы университеттің 3-ші курс студенті. Сабақ үлгерімі жақсы. Оқу орындары арасындағы «Тәуелсіздік құрдастары» байқауына қатысып, дипломмен марапатталды. Университет осыдан екі жыл бұрын жаңа ғимаратқа көшкен. Мұнда ғаламтор желісіне қосылатын кітапхана, жуырда ғана Жапониядан әкелінген, әзірге республикада санаулы жаңа үлгідегі нанолаборатория бар. Ботагөз мамандық алған соң ауылға барып еңбек етуді ұғарыпты.

БОТАГӨЗ ҚАРАМЕНОВА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
- Ауылды көркейту мақсатында «Дипломмен ауылға» атты бағдарламамен осы өзімнің Қандыағашқа барып, ауылды көркейткім келеді.

Ұстаздары да оның ұқыптылығын, ісіне тиянақтылығын өзгелерге үлгі етеді. Ботагөздің жақсы маман боларына сенімді. Болашақта ғылыммен айналысуына да қарім-қабілеті жетеді. Талантты жастар қай салаға да керек, - дейді оқытушылары.

АҚЫЛБЕК ИМАНЧИЕВ, ОҚЫТУШЫ:
- Сабаққа өте жүйрік. Біз еліміздің болашағын нық баянды ететін осы болашақ жастардың ішіндегі бірі болады деп болашағына үміт артамыз.

Ботагөз сабақтан бос уақытында сурет салғанды ұнатады. Көбінесе, табиғаттың әсем көріністерін бейнелейді. Ол сондай-ақ, тоқумен де шұғылданады. Кішкентай кезінен анасынан үйреніп алған, өзіне керекті заттарын тоқып алады. Жаны нәзік, ақылына көркі сай жастың арманы асқақ.

БОТАГӨЗ ҚАРАМЕНОВА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:
- Студенттерге, жастарға барлық мүмкіндіктер бар. Шетелге барып, оқимын десе де,тілді меңгерем десе де, барлық мүмкіншіліктер бар оқуға. 20 жылда біз көптеген белестерден астық қой. Енді, бұдан да әрі қарай жоғарылай береміз деп ойлаймын.

Тәуелсіздік бізге көп мүмкіндік берді. Енді біз сол тәуелсіздігіміздің баянды болуына өзіміздің білімімізбен, еңбегімізбен үлес қосуымыз керек, - дейді Ботагөз.
 

Тақырып бойынша жаңалықтар
Серіктестер
Электронное правительство Казахстан егемен ТРК Казахстан Саммит ОИК Экспо Galatv.kz/
elarna.kz ipo «Казахстан» объявляет творческий конкурс для нового телеканала Казправда Caspionet.kz otauTV