Қаз Рус Eng
Іздеу
USD 147.94 EUR 188.09 RUR 4.77
Жарнама
Бос орындар
Бос орындар

Қазіргі уақытта төмендегі бос орындар бар: 

1.Суретші –дизайнер (Астана қ.), телеарнада жұмыс өтілі болуы тиіс.

2. Механик (Астана қ.)Түйіндемені мына эл.мекен-жайға жіберу қажет:
ibrayeva_A@khabar.kz / факс 8(7172) 701-001 байланыс.тел.: 8(7172) 701-027

3. Суретші-полиграфшы:
Суретші-полиграфшы мыналарды білуі тиіс: 
- нормативтік-құқықтық актілер, полиграфиялық өнімдерді шығару бойынша методикалық материалдар;
- көркемдеу-безендіру жұмыстарының әдістерін;
- қазіргі стандарттар мен техникалық шарттарды;
-полиграфиялық өнімдер жобасын жасау барысында қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды, оның ішінде суреттерді өңдеуге арналған Adobe Photoshop бағдарламасын;
- Adobe Illustrator және CorelDraw компьютерлік графикаларын жасауда пайдаланылатын векторлы бейнелер (суреттер) редакторы;
- Баспаға дейінгі QuarkXpress и PageMaker бағдарламалары; 
- суреттердің негізін, полиграфиялық өнім өндіру технологиясын.

4. Визажист-парикмахер (Астана қ.)
 Визажист-парикмахердің қызметтік міндеттері:
- бұқаралық және топтық түсірілімдерге қатысушыларды гримдеу;
-пластикалық материалдарды пайдалана отырып қиын кейіпкерлік және ұлттық гримдер жасау;
- Кейіпкерлер шашын және париктерді қырқу;
- шашты және париктерді бұйралау және бояу.

 5. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құқықтық қамсыздандыру департаментінің бас заң кеңесшiсiнiң бос қызмет орнына келесi талаптарға сай келетiн тұлға керек: заң саласында жоғарғы бiлiмi және мамандығы бойынша 3 (үш) жылдан астам еңбек өтілі бар, БАҚ саласында, сондай-ақ, акционерлік қоғамның қызметін реттемелеуші ҚР заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық акттердi білу; қазiргi технологияларды қолдану арқылы құқықтық құжаттамаларды тіркеу, жүйелеу, есепке алу негiздерін бiлу; сондай-ақ, келесі тұлғалық қасиеттерге ие: қабiлеттiлiк, белсендiлiк, талаптылық, көздеген мақсаттарына жете білу, табандылық, бейімділік, жауапкершілік, сенімділік, өз пікірін ашық айта білу; қызметтік әдепті білу; аналитикалық дағдылары болуы; нормативтiк құқықтық акттердi өңдеудiң дағдылары; құжаттармен іс атқару, келісімшарттар мен келісімдерді рәсімдеу; мұрағат ісін және электронды құжаттар айналымының негізін білу.

Түйіндемені мына электронды поштаға жіберуге болады: ibrayeva_A@khabar.kz / факс 8 (7172) 701-001, байланыс телефоны: 8 (7172) 701-027

 6. «Хабар» Агенттігі» АҚ Алматы филиалына көлік жүргізушісі керек. Қойылатын талаптар: орта білім, B, C, D дәрежесіндегі көлікті басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі және еңбек өтілі кемінде үш жыл болуы қажет.

Анықтама бойынша Алматы қаласындағы мына телефон бойынша хабарласыңыз: 8 (727)-270-01-18.
 

Серіктестер
«Казахстан» объявляет творческий конкурс для нового телеканала elarna.kz Казахстан егемен Электронное правительство Саммит ОИК ТРК Казахстан
Caspionet.kz Экспо otauTV ipo Казправда Galatv.kz/