Қаз Рус Eng
Іздеу
USD 147.94 EUR 188.09 RUR 4.77
Мұрағат
|
04.02.2012 07:28
Air Astana әуе компаниясы 7 ұшақ сатып алды

Бүгін Қазақстанның ұлттық тасымалдаушы Air Astana әуе компаниясы Boeing корпорациясымен құны 1 млрд 300 млн доллардың жеті ұшағын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды.

Air Astana аталған құрылымнан төрт Boeing-767-300ER және үш Boeing-787-8 Dreamliner ұшақтарын сатып алмақшы. Boeing-767 алыс магистральді ұшақтары 2013-2014 жылдары, ал, Boeing-787 әуе кемелері 2017-2019 жылдары пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Мамандардың айтуынша, бұл әуелайнерлер экономикалық тұрғыдан тиімді соңғы үлгідегі тасымал құралдары болып есептеледі. Boeing-767 12 сағат бойы, Boeing-787 16 сағат бойы АҚШ, Австралия, Америка секілді елдерге үзіліссіз қатынай алады.

Нұржан БАЙДӘУЛЕТОВ, AIR ASTANA АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- 787-ші самолет жай емес қой. Лайнер-арман, Дреймлайнер ең супер, ең жақсы, жаңа технологиялар сол самолетте ғой. Сондықтан, біздің флотымызға осы самолеттер келсе, тағы 12 самолетке біз опцион алдық қой. Болашақта оны сатып аламыз өзімізге. Сондықтан, осы флотымыз ең жаңа, ең жас флот болады.

Air Astana компаниясы келісімшарт бойынша ұшақ құнының 15 пайызын қолма-қол төлесе, 85 пайызын несиеге алған. Сондай-ақ, қосымша 12 әуе кемесіне тапсырыс берді.

Питер ФОСТЕР, AIR ASTANA АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Бұл әуе кемелері тасымал мүмкіндігін арттырумен қатар, жаңа бағыттардың ашылуына негіз болады. Бойнг 787 ұшағында 42 бизнес класс, 202 эконом класс орындықтары бар. Барлық ұшақтарға спутниктік байланыс орнатылады. Жолаушылар әуе кемесінде интернет қызметіне жүгіне алады.

Бүгінгі таңда Air Astana компаниясының иелігінде 26 ұшақ бар. 2021 жылға дейін олардың санын 63-ке жеткізу көзделген. 2011 жылы Алматы-Тблиси, Алматы-Самара әуе бағыттары ашылса, биыл қазақстандықтар Гонконг, Ұлан батыр, Казань, Аман қалаларына тікелей қытанауға мүмкіндік алмақ. Компания әзірге 26 ішкі, 31 халықаралық бағытта тасымалдаумен айналысады. Әуе отынының 130 пайызға қымбаттауына қарамастан өткен жылы компанияның кірісі, 2010 жылмен салыстырғанда 16 пайызға өсті. Алдағы уақытта аталған көрсеткішті 18 пайызға жеткізу жоспарланған.
 

Тақырып бойынша жаңалықтар
Серіктестер
Казправда ipo elarna.kz Электронное правительство otauTV Казахстан егемен
Galatv.kz/ Экспо Саммит ОИК ТРК Казахстан «Казахстан» объявляет творческий конкурс для нового телеканала Caspionet.kz