Қаз Рус Eng
Іздеу
USD 147.94 EUR 188.09 RUR 4.77
Мұрағат
|
27.01.2012 08:16
Ресейлік сарапшылар ҚР Президентінің Жолдауын қызу талқылауда

Ресейлік саяси сарапшылар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қызу талқылауда.

Сарапшылардың пікірінше, Жолдауда республиканың әрбір азаматының әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар нақтыланып, әлеуметтік саланы жаңалау, аймақтық даму, шағын қалаларды дамыту мәселелеріне үлкен мән берілген. Бұл бастамалар ішкі тұрақтылықты нығайтып, Еуразиялық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістерді дамытуға мүмкіндік береді,-дейді сарапшылар. Жолдауда Қазақстанның еуразиялық экономикалық кеңістіктің аясын кеңейтуге мүдделі екендігі ерекше айтылды. Осыған орай трансұлттық қылмыспен күресті күшейту үшін Еуразиялық экономикалық кеңістік аумағында Интерполдың баламасы – еуразиялық полиция құру туралы бастаманы сарапшылар өте уақытылы қабылданған көреген шешім деп бағалады.

Григорий ТРОФИМЧУК, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУДЫ ЖОБАЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
- Мұндай бастамаларды жүзеге асыру Еуразиялық Одақ аясын айтарлықтай кеңейтуге жол ашады. Еуразиялық Одаққа қатысушы елдер өзара қарым-қатынастар қарқынын бәсеңдетпеуі керек. Қазір Ресей басшылығы ішкі мәселелерге баса көңіл бөліп отырған шақта Қазақстан Президентінің интеграциялық үдерістерді дамыту мәселесін назардан шығармауы - өте құптарлық жағдай.

Вячеслав ЗУБЕНКО, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АКАДЕМИГІ:
- Елбасы өте көреген саясаткер. Батыс экономистерінің болжамы бойынша, 2015 жылға қарай Қазақстан Еуразиялық экономикалық кеңістікке кіргеннің арқасында ішкі өнімді 15 пайызға ұлғайта алады. 93-ші жылы жалпы өнім жан басына шаққанда 700 доллар болатын, былтырғы жылы 11,5 мың долларды құрады, 2015 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 мың долларға жеткізу көзделіп отыр. Бірнеше жылдың ішінде ішкі жалпы өнімді бір жарым есе ұлғайту – бұл үлкен жетістік.

Тақырып бойынша жаңалықтар
Серіктестер
ipo Электронное правительство «Казахстан» объявляет творческий конкурс для нового телеканала Саммит ОИК otauTV Экспо
Galatv.kz/ Казахстан егемен elarna.kz Казправда ТРК Казахстан Caspionet.kz