Хабар телеарнасы

Солтүстік өңірлерде аспан қызыл-жасыл түске боялды

Ерекше құбылыс Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында анық байқалды. Петропавл қаласы мен Бурабай маңындағы осы көріністі Нұрқанат Шаймұратұлы мен Евгений Новиков таспаға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты. Қазгидрометтің жетекші инженерінің айтуынша, бұл – поляр шұғыласы. Ел аумағында сирек кездесетін құбылыстың байқалуы солтүстік геомагниттік белсенділіктің салдары.