Хабар телеарнасы

Ақтөбеге Тәжікстаннан гуманитарлық көмек жетті

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 114 үй салады.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен аталған қор елдегі жағдайға байланысты тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойған. Сондықтан қордан арнайы 10 млрд теңге қаржы бөлсе, 3 млрд теңгеге жуық қаржы қайырымдылық шарадан жиналған.

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы су астында қалған аймақтарға 1 400 тоннадан астам азық-түлік пен қажетті тауарларды жөнелтті. Яғни 81 жүк көлігімен мен 39 арнайы техника жеткізілген. Қаржылай көрсетілген көмек көлемі 770 млн теңгеден асады.

Ал Ақтөбеге Тәжікстаннан 50 вагон гуманитарлық көмек жеткізілді. 9 облыс 2,5 мың тоннадан аса жүкті қабылдап алған. Енді үйлестіру жұмыстары жүріп жатыр. 27 360 литр су мен 70 тонна тақтай, 60 тонна шеге, 240 тонна цемент бар. Бұл бұйымдар қираған үйлерді жөндеуге және су шайған аудандарда баспана құрылысына пайдаланылады.