Хабар телеарнасы

СҚО-ға алматылық дәрігерлер көмектесіп жатыр

Жылжымалы кешеннің құрамында кардиолог, хирург, терапевт, көз дәрігері мен мейірбикелер бар. Мамандар төтенше жағдай жарияланған Есіл ауданында болып, науқастарды қабылдады.

Өтініш білдірген адамдарды озық қондырғылар арқылы тексерді. Дәрігерлер тұрғындарға гуманитарлық көмек те жеткізді. Енді олар Батыс Қазақстан облысына қарай жолға шығады.

Александр Вдовцев, жылжымалы медициналық кешенінің үйлестірушісі:
- Көктемгі тасқыннан зардап шеккен адамдардың жағдайына бей-жай қарай алмадық. Бұған дейін Қостанайда болдық. Енді Солтүстік Қазақстан облысына келіп тұрмыз. Осында барлық эвакуациялық пунктерді аралап, тұрғындарға барынша көмек көрсетеміз.