Хабар телеарнасы

Компаниялар мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алуға құлықсыз

Қазақстандық компаниялар мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алуға құлықсыз. Бұған еңбек нарығының бейімделмеуі себеп. Сондықтан қоғамда бұл мәселені шешуге ден қою керек»,— дейді Сенат төрағасы. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл мүгедектігі бар азаматқа кедергісіз жүріп-тұруға жағдай жасаумен ғана шектелмейді. Ол үшін білім беру жүйесі де икемделуі керек.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Баршаға бірдей мүмкіндік берілетін инклюзивті қоғам құру Мемлекет басшысы реформасының басым бағытарының бірі. Бұл ең алдымен медициналық қызметке, сапалы білімге, жұмысқа орналасу мен әлеуметтенуге деген тең мүмкіндік. Әлеуметтік реабилитацияны дамытуымыз керек. Оны жүзеге асырудың бір жолы жұмыспен қамтамасыз ету. Бірақ бүгінде мүгедектігі бар азаматтардың 36% ғана еңбекке араласып отыр.