Хабар телеарнасы

Аудиовизуалды туынды жасау жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Хабар» Агенттігі» АҚ (әрі қарай - Қоғам) келесі тақырыптық бағыттар бойынша аудиовизуалды туынды (бейнероликтер) жасауға байқау жариялайды:

1. Экологиялық және қоғамдық мәдениет

2. Қоршаған орта мен ресурстарға ұқыпты қарау (суды, электр энергиясын және т.б. үнемдеу)

3. Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу

Әлеуетті Орындаушының кәсіби біліктілігі жоғары, телевизиялық бағдарламаларды өндірудің қыр-сыры мен ерекшеліктерін жетік білетін, фильмдер, сериалдар, телевизиялық бағдарламалар немесе түрлі жанрдағы бейнероликтер жасау, тұжырымдама дайындау, сценарий әзірлеу және түсірілім процесін басқаруда практикалық дағдылары болуы керек. Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті орындаушылар өтінімдерді 2024 жылғы 1 мамырдан 15 мамырға дейін еркін нысанда мынадай құжаттарды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына ұсынуы тиіс:

 

I кезең (2024 жылғы 1 - 15 мамыр аралығы):

1. Аудиовизуалды туындының идеясы; мақсаттары мен міндеттері; тілі; көлемі (шығарылымдар/сериялар саны); жанры; форматы; аудиовизуалды туындының графикалық кескінделуі (бар болса); жабдықтардың техникалық сипаттамалары қамтылған Тұжырымдама;

2. Аудиовизуалды туынды жасау құнының негіздемесі.

3. Әлеуетті Орындаушының шығармашылық тобы туралы өмірбаяндық және шығармашылық-ақпараттық мәліметтер (түйіндеме, түсірілген аудиовизуалды туындылар туралы ақпарат);

 

II кезең. Өтінім мақұлданған жағдайда:

1. Нақты және заңды орналасқан жері, байланыс телефондары, e-mail, банк деректемелері көрсетілген құрылтайшылық құжаттарының көшірмелері, қосылған құн салығын төлеушіні есепке қою туралы куәлік;

2. Біліктілікті растайтын дипломдар мен олардың қосымшаларының көшірмелері және/немесе мамандардың жұмыс тәжірибесінің және/немесе Қоғаммен жұмыс тәжірибесінің болғандығын растайтын құжаттар (бар болса);

3. Аудиовизуалды туынды жобасын дайындау үшін әлеуетті Орындаушының материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (жүкқұжат, жалдау шарты және мүлікке меншік/иелік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар);

4. Әлеуетті Орындаушының портфолиосы;

 

Егер:

1. өтінімдер байқау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен жағдайда;

2. әлеуетті Орындаушылар байқау талаптарына сай келмейтін құжаттар ұсынған жағдайда;

3. әлеуетті Орындаушылар дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат берген жағдайда

құжаттар іріктеу комиссиясының қарауына қабылданбайды.

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша мына нөмірге хабарласып біле аласыздар: +7 747 115 4851 (Пакизат Оналбай)

Аудиовизуалды туынды жасау жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру - Жүктеу