Хабар телеарнасы

Балаларды балабақшаға орналастыру үшін енді құжат жинаудың қажеті жоқ

Кезекке тұру мәселесі де толықтай жаңа үлгіге ауыстырылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Қазақстанда 11 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйым бар. Оларға 1 миллионға жуық бала барады. Бұл 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 90% жуығы. Демек орын тапшылығы әлі бар. Министірдің мәлімдеуінше, жаңа жылдан бастап кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы іске қосылады.  

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
-Осы жүйе қаңтар айында іске қосылады деп күтілуде. Сол кезде 4 балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ата-аналардың кезекте тұрып қалмай, өзінің баласын тезірек орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.