Хабар телеарнасы

Ұстаздар мектепті су тасқынынан қорғауға ұмтылған

Сын сағатта мектебін су тасқынынан қорғауға ұмтылған ұстаздар да болды. 

Қостанай облысы, Алтынсарин ауылының мұғалімдері мектептің мүлкін судан аман алып қалу үшін 2 сағат ішінде екінші қабатқа түгел көшірді. Бұл – мұғалімдердің батыл қадамы.