Хабар телеарнасы

ШҚО-да бюджет қаражаты 700 млн теңгеге үнемделді

Мәселен, облыстық білім басқармасы 3 млн теңге тұратын интернет қызметін 100 есе қымбат бағаға яғни 300 млн теңге сатып алуды жоспарлапты.

Мемлекеттік сатып алу порталына жасалған мониторинг басқа да былықтың бетін ашты. Өлкедегі жоғарғы оқу орны 6 мың теңгелік кітапты 145 млн теңгеге сатып алуды көздесе, облыстағы полиция қызметкерлерінің жаңа формасының бағасы 250 млн теңгеге қымбат көрсетілген. Бұл жағдайлардың бәрі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің тексерісінен соң әшкереленді.

Денис Шакенов, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы:
- Күн сайын жүргізілетін мониторингке қоғам белсенділері де қатысады. Интернет қызметін 300 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған дерек «Өркен» оқу орталығында анықталды. Бұл - қаражатты жымқыру көзделді деген сөз емес. Бірақ неге осынша қымбат баға көрсетілгені түсініксіз.