Биыл Атырау облысындағы майдан және тыл ардагерлерінен құралған «Фронтовичка» хорының құрылғанына 20 жыл толады. Бүгінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындалып жатқан ұжым оқу орындарын аралап, концерт беруде.
«Жеңіске құрмет!» Ардагерлеріміздің жүрегіне сәл де болса қуаныш нұрын сыйлау үшін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Хабар» агенттігі ұйымдастырып отырған қайырымдылық шара осылай аталады.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен 270 ардагер Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысу үшін Астанаға келеді. Ал Мәскеудегі әскери шеруге олардың алтауы шақырту алды.
Талдықорғандық соғыс ардагері Сәмен Базарбаев 90 жасқа толды. Мерейлі қуанышқа ортақтасқан Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері майдангерді құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Жеңістің 70 жылдығына арналған «Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет» атты қайырымдылық акциясы Астанада басталды. Бір ай бойы өтетін республикалық шара барысында біздің ұжым Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне сый-сыяпат жасап, ерекше құрмет көрсетпек. Акция бір ай бойы жалғасады.
«Соғыс және бейбітшілік». Осындай атаумен Өскемендегі Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай графикалық картиналар көрмесі өтуде. Көрмеге соғысқа қатысқан майдангер-суретшілердің 50-ге жуық туындысы қойылды.
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Павлодарда мектеп оқушыларының яғни жас зерттеушілердің еңбектері қойылған «Атамұра» мұражайы ашылды. Онда Кереку өлкесінен соғысқа аттанған жауынгерлердің жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары қойылған.
Отан үшін отқа түскендердің ерлігі мәңгі жадымызда. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Астанада «Еске алу эстафетасы» жалғасын тапты.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық акциясы наурыз айының басында Минскіде басталған болатын.
Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай Өскеменде 30 шақты қарт майдангер мен тыл ардагерлеріне қала басшысы ҚР Президенті атынан бірыңғай мерейтойлық медаль табыстады.
Оралда Жеңістің 70 жылдығына орай «Аталардың ерлігін, жыр етем келер ұрпаққа» атты облыстық қолжазба жинақтарының байқауы өтті. Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған байқау өткен жылдың желтоқсан айы мен биылғы 15-ші ақпанның аралығын қамтыды.