Хабар телеарнасы

Павлодарлықтар СҚО халқына көмек жөнелтті

Павлодар халқы Солтүстік Қазақстан облысына 60 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Жүк көлігіне азық-түлік, жылы киім, көрпе, ыдыс-аяқ, су өткізбейтін киім, күрек, қап, сорғы және басқа да қажетті құрал-жабдықтар тиелген.

Қайырымды іске кәсіпкерлер, саяси партиялар, Ассамблея мүшелері, «Ертіс» футбол клубы, Ауған соғысы ардагерлерімен қатар, қарапайым қала жұрты да атсалысуда. Ірі өндіріс ошақтары, жоғары оқу орындары да шет қалмаған.

Нұрболат Жайлаубаев, кәсіпкер:
- Осы жағдайға байланысты өзіміз де көмек көрсетейік деп тегін ұсынып отырмыз. Мың шақырымдай жүреміз. АЗС-тар бізге шығып, жанармаймен бізді толық тегін қамтамасыз етіп, біз өз жағымыздан көлік бердік, олар бізге жанармай тегін беріп жатыр.