Хабар телеарнасы

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заң жобасын қабылдады

Қоғамда көптен бері қызу талқыланып жүрген «Масс-медиа туралы» заң Мәжілісте мақұлданды. Аталған құжат саланы құқықтық тұрғыдан дамытуға бағытталған. БАҚ-тың мәртебесін арттырып, журналистердің қорғалуын көздейді.

Ал қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың күші жойылады.

Алдағы жылдары медиакеңістіктегі мемлекеттік тілдің үлесі 60% жетеді. Қазір бұл көрсеткіш 50%. Ал шетелдік телерадио хабарларды ретрансляциялау көлемі 20-дан 10% дейін қысқарады. Сондай-ақ жарияланғанына 1 жылдан асқан материалдарға ешкім шағымдана алмайды.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:
- Жалпы бұл біздің заңнамада болмаған нәрсе. Бір жылға деп бекітілді. Үшінші бағыт
ол біздің ақпараттық кеңістігімізді дамыту және ақпараттық егемендігімізді бекіту. Келесі бағыт мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру мәселесі, гранттық қаржыландыру, бұған қоса отандық контентті ұлғайту.